15-02-2019
Шығыс Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми – сараптамалық тобының төрағасының орынбасары А.Н. Алексеенко Қытай Халық Республикасында қытай тіліне аударылған оқулықтың авторы атанып отыр. Аспан асты елінде қытай тілінде Қазақстан тарихы оқулығы шықты, оның авторлары қатарында С.Аманжолов атындағы ШҚМУ оқытушысы, тарих ғылымдарының докторы, «Алтайтану» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, ШҚО ҚХА Ғылыми – сараптамалық тобының төрағасының орынбасыр А.Н. Алексеенко бар. 2001 жылы бірнеше автор бірігіп «Қазақстан тарихы: халықтар мен мәдениеттер» (Алматы) оқулығын дайындайды. Қолжазбаның хронологиясы 1900-2000 жылдарды қамтыған.Осы оқулықта отандық демографиялық мектептің негізін қалаушылардың бірі А. Алексеенконың Қазақстандағы тарихи-демографиялық процестерге шолуы ерекше орын алып отыр. Енді ХХ ғасырдағы Қазақстан тарихын қытай тілінде оқуға мүмкіндік туды.