Жақсылық жаса!

09-02-2019

Жақсылық жаса!

Бұл Шамиль Довудовтың өмірлік ұраны. Бүгін жас жігіт республикалық «Қайырымдылық керуені» қайырымдылық акциясына қатысып, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы штабының белсенділерімен бірге көп балалы, аз қамтылған отбасыларға «Сыбаға» қоржындарын табыстады. 
Шамиль Довудовтың айтуынша акция туралы ол Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығының әлеуметтік желілерінің бірінен біліп, көмектесуге ниет білдірді. 
«Біздің қолдауымызға мұқтаж көптеген отбасылар бар және мен оларға көмектесуге барлық адамдарды шақырамын», - деді ол. 
Сондай-ақ, біздің облыстың жастары бұл жағдайға бей-жайсыз қарамай, көмекке келді. 
- Мен алғысымды білдіру үшін қандай сөз айтарымды білмеймін. Көмектескендеріңіз үшін рахмет. », - деді үш баланың анасы Гүлжан Жылқайдарова. 
Мұқтаж жандарға бірге көмек берейік. Мүмкіндік болса, өз үлесіңізді қосыңыз. 
Біз азық-түлік және барлық керек-жарақтарды осы мекен-жайы бойынша жинаймыз: Тәуелсіздік даңғылы, 68. 
Байланыс телефоны: 8 (705) – 764 – 22 – 12.