18-01-2021
Шығыс Қазақстан облысының Достық үйі мен Қазақстан халқы Ассамблеясының еріктілері түрлі қайырымдылық акцияларына тұрақты қатысатындығымен, ал оларды ШҚО ҚХА меценаттар клубының мүшелері қолдайтындығымен танымал.
«Меценаттар клубы 2016 жылдан бері жұмыс істейді. Ол қаланың этномәдени бірлестіктерінің өкілдері мен кәсіпкерлерінен құралған. Клубтың негізгі мақсаты - Шығыс Қазақстан облысының барлық аумағында қайырымдылық қызметін үйлестіру, қоғамда рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру, қолдау және нығайту, игілік алушыларға жан-жақты көмек көрсету», - деп түсіндірді қоғамдық институттармен жұмыс жөніндегі қызметтің басшысы Балжан Даутпаева.
Акцияларға қатысу тарихы өте кең. Бұл көп балалы және аз қамтылған отбасыларға көмек, аға буын өкілдерін қолдау, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға көмек және тағы басқалар. Өзінің құрылу кезеңінен бастап меценаттар клубы игі істер жасауға айтарлықтай үлес қосты.
Осы орайда клубтың белсенді өкілдеріне алғыс хаттар тапсыру туралы шешім қабылданды. Олардың қатарында Өскемен қалалық мәслихатының депутаты Сергей Коротин мен кәсіпкер Михаил Лунев бар.
«Мен үшін біреуге пайдалы болу бұл үлкен бақыт. Мен ШҚО Қазақстан халқы Ассамблеясымен, Достық үйімен ынтымақтастығымызға өте қуаныштымын. Біз бір іспен айналысамыз, және сіз бен біз үшін басқалардың игілігі үшін жақсылық жасау өте маңызды», - деді кәсіпкер Михаил Лунев.