14-08-2014
«Түлету» мектебіндегі соңғы қоңырау
2010 жылы 23 мамыр күні облыстық Достық үйінде «Шығыс Қазақстан халқының мәдениеті мен тілдерін түлету мектебі» ММ ұжымының оқу жылының аяқталуына арналған салтанатты жиыны болып өтті. Мектеп облыстағы этномәдени бірлестіктердің бастамасымен 2001 жылы 1 қаңтарда «Қазақстан Республикасының тілдер туралы» » ҚР Заңында этностардың ана тілін, халықтардың мәдениеті мен салт-дәстүрлерін сақтау және дамытуға құқықтары бар екені көрсетілген.
Мектеп директоры Р.А. Цис жасаған баяндамасында педагогтік ұжымның халықтардың мәдениеті мен тілдерін оқытудың сапасын көтеру, тыңдаушыларды қоғамдық келісім мен қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу мәселелерін шешудегі еңбектері туралы айтып өтті.
2009-2010 мектептегі ұлттық бөлімдерде 800-ден аса оқушы 15 тілді және халықтардың мәдени дәстүрлерін меңгеріп үйренді. Сонымен бірге вокаль, би, халықтық қолөнері үйірмелеріне қатысты.Этномәдени бірлестіктермен бірге облыстық «Туған жер – алтын бесігім» фестиваліне, жеңістің 65-жылдығына арналған шығарма жазу байқауына және басқа да іс-шараларға қатысуда. Қортынды сабақта оқушылардың 90 % тілді меңгергендерін көрсетті.
Салтанатты жиынға мектеп ұжымын оқу жылын табысты аяқтауларымен құттықтауға облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың бастығы М.Ә. Мұхамеджанов, Достық үйінің әдіскері Л.Б. Шик, білім бөлімінің әдіскері Н.А. Нестеренко, қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі бастығының орынбасары Э.Т. Төлеубеков келді. М.Ә. Мұхамеджанов қазақ тілі кабинетіне техникалық қосымша көмек ретінде компьютер, көбейткіш аппаратурасын табыстады. Ал әрұлттың 12 оқушысы балаларды сауықтыру лагеріне тегін жолдамалар алды. 80 оқушыға әкімшілік атынан мадақтамалар мен сыйлықтар берілді. 220 оқушы курсты аяқтағандары туралы куәлік алды.
Осыдан соң оқушылардың есептік концерті берілді. Онда оқушылар 15 тілде өлеңдер оқып, әндер шырқап, халық билерін орындады. Концерттің соңғы нүктесін қазақ тілі тобының тыңдаушылары « Менің Өскеменім» әнімен аяқтады.