14-08-2014
Тұсаукесер
2010 жылдың 7 қазаны күні облыстық Достық үйінде «Н. Назарбаев: гуманизм және саяси жігер» (тарихи-философиялық саяси талдау) кітабының авторы, философия ғылымының докторы Гурий Борисович Ханмен болған кездесуге этномәдени бірлестіктердің өкілдері, облыстағы жоғарғы оқу орындарының ғылыми қоғамдық оқытушылары, студенттер қатысты.
Г. Б. Хан өз кітабында Қазақстан Республикасының өсу жолын және жаңа егеменді мемлекет құрылысының архитекторы, гуманист Н.Ә. Назарбаев ролін егжей-тегжейлі қарастырып жазған.
Гурий Борисович Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен болған жеке кездесуіне ерекше тоқталып өткен, ұлт көшбасшысы Н. Назарбаевтың жоғары адамгершілік ұстанымы жайында нақты мысалдармен тоқталып өткен.
Қатысушылар тарапынан, осы кітапты оқу мүмкіндігіне жастардың көпшілігі ие болатындай етіп басылым санын көбейтуге ұсыныстар түсті.