Барлығымызға ортақ бір тарих

20-04-2019

Барлығымызға ортақ бір тарих

Достық үйі –Қоғамдық келісім орталығында ШҚО қоғамдық Кеңесі жанындағы Рухани келісім жөніндегі сараптамалық жұмыс тобының "Барлығымызға ортақ бір тарих"атты дөңгелек үстел отырысы өтті. Іс-шара барысында облысымыздағы ескерткіштер мен көше атаулары талқыланды.Шараға этномәдени бірлестіктерінің өкілдері, Достық үйі-Қоғамдық орталығы директорының орынбасары Юнусов Равиль Александрович, ШҚО ҚХА Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Пуссеп Геннадий Николаевич, ШҚО этнографиялық мұражай – қорығының мұрағатшысы Дурново Ирина Васильевна және "ШҚО тарихи және мәдени мұраны қорғау жөніндегі мекеме" директоры Сүлейменов Талғат Исатайұлы қатысты