07-07-2019
Бүгін этномәдени бірлестік өкілдері Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық табиғи-ландшафтық мұражай-қорығында, Өскемен қаласының Этнопаркінде, Домбыра күніне арналған іс-шараға қатысты."Ұлттық домбыра күні"мерекелік іс-шарасына арналған концерттік бағдарламаның шарықтау шегінде ШҚО үздік домбырашылар мен халық әншілері, белгілі халық орындаушысы "ҚР еңбек сіңірген қайраткері" Еркін Чукмановтың, "Мәдениет саласының үздігі" талантты күйші Айбек Бекбосыновтың қатысуымен өтті, сонымен қатар Байжігіт атындағы қазақ халық аспаптар оркестрі, ШҚО әкімінің симфониялық оркестрі және қазақстандық эстрада жұлдыздары "Ұлытау" этно-рок тобымен"музыкалық баттл"өтті.