№ 37 мектебінің оқушылары Достық үйінде

26-04-2018

№ 37 мектебінің оқушылары Достық үйінде

2018 жылдың 26 сәуірі күні Достық үйі – қоғамдық келісім орталығына Өскемен қаласының № 37 мектеп оқушылары келді.

Оқушылар ШҚО ҚХА мұражайындағы құнды жәдігерлерімен танысты. Сонымен қатар экскурсия барысында Достық үйі - қоғамдық келісім орталығының қызметкерлері Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметімен қоса өңірдегі этномәдени бірлестіктердің жұмысы жайлы айтып өтті.

Іс-шараның мақсаты оқушыларды этномәдени орталықтардың жұмысымен таныстыру, қазақстандық ұлтжандылыққа тәрбилеу, Қазақстанда тұратын халықтарынның ұлтық салт – дәстүрлеріне құрмет көрсету.