24-03-2023
Елімізде көптеген түрлі мерекелер тойланады. Әсіресе көктем мезгілі мерекелерге толы. Оның басталуымен біз әлемге әйгілі Наурызды қарсы аламыз. Ежелден бұл мереке адамдардың жанын жылытып, жақсылыққа, мейірімділікке шақырған.
Достық үйі осы мерекеге арналған акция ұйымдастырып, «Луч надежды» орталығындағы жандарды Наурыз мерекесімен құттықтады. Шығармашылық топтардың өкілдері музыкалық нөмірлер дайындап, ата-әжелерге бауырсақ пен қасиетті тағам – Наурыз көжеден дәм татқызды.
«Аға ұрпақ өкілдерін назардан тыс қалдырмағандарыңызға ризамыз. Үлкенді сыйлай білу керек, бізді бала кезімізден солай өсірді. Расында да, қарттар ешкімге ұқсамайтын құрметке лайық. Олар өздері білетінін бізбен бөліседі», - дейді «Луч надежды» орталығының әкімшілігі.