Украин этномәдени бірлестігінің салтанатты концерті өтті
19-05-2015
Украин этномәдени бірлестігінің салтанатты концерті өтті
16 мамыр күні Достық үйінің – қоғамдық келісім орталығының актілік залында Украин ЭМБ есепті концерті өтті. Салтанатты іс-шара халық шығармашылығы көрмесінен басталды, қонақтар Раиса Авдеева ханыммен жетекшіленетін «Чарiвница» студиясымен жасалған қолөнер шеберлігімен танысты. Концерттік бағдарлама қампиып піскен үлкен дөңгелек нан дәстүрлі түрде ұсынуымен ашылды, «Барвинок» ансамблі және Достық үйінің ұжымдары сахнаға шығуымен жалғасты. Ұжымдың алдында Достық үйінің директоры Эльдар Төлеубеков және Қазақстан халқы Ассамблеясы облыстық хатшылығының жетекшісі Еркімбек Аязбаев құттықтау сөзімен сахнаға шығып, Украин орталығының белсенділеріне мадақнамалар мен Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойлық медальдар тапсырылды.