14-08-2014
Украинка ауылына сапар
Ағымдағы жылдың 15 қыркүйегі күні Достық үйінің украин этномәдени бірлестігі Тілдер күні мерекесі қарсаңында «Қазақстан - Отаным, Украина жүрегімде» тақырыбы бойынша ұйымдастырылған іс-шарамен Украинка ауылының орта мектебіне барып қайтты. Қонақтарды Украинка орта мектебінің директоры Надежда Василевна қарсы алды. Орталық мүшелерімен бірге бұл шараға Республикалық келген Клименко, Тілдерді дамыту басқармасының өкілі Р.Ашимова, БАҚ өкілдері, Достық үйінің директоры Э.Төлеубеков және әдіскер А. Жұмаділова қатысты.Кездесуге жиналған 5-9 сыныптың оқушыларын украин этномәдени бірлестігінің төрағасы А.Нетребич, Достық үйінің директоры Э.Төлеубеков, Республикалық Клименко келе жатқан тілдер күнімен құттықтады және мектеп директорына сыйға әкелген кітаптарын тапсырды.. Кездесу барысында украин тілінің мұғалімі Л.Меньшикова балаларға украин халқының әдебиеті, мәдениеті, тарихы, тілі туралы ақпарат берді. Балаларға бірнеше украин тілінде сөздер үйретті. Орталықтың қолөнер үйірмесінің жетекшісі Р.Абдеева балаларға украин халқының қолөнері жайында мағлұматтар беріп, өз жұмыстарымен таныстырды. Орталық мүшелері украин ақындарының өлеңдерін оқып, халық әндерін шырқады. Кездесу соңында орталық мүшелері балаларды шығармашылық байланыста болуға Достық үйіне шақырды. Келген қонақтарды мектеп директоры көп жылдық тарихы бар мектеп мұражаймен және оқушылардың мектептегі шығармашылықтарымен таныстырды.