2013 жылдың 7 сәуірі күні Ұлан ауданынның Украинка ауылында Облыстық Достық үйінің украин этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен, Қазақстандағы республикалық украиндер бірлестігінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты Ю.Е. Тимощенкомен кездесу өтті.
Ю.Е. Тимощенко бүгінгі күні талқыланып жатқан, Қазақстан Республикасы азаматтарын зейнеткерлікпен қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан реформасы жайында ауылдықтарға, оның жай-жапсарын түсінікте түде айтып жеткізді. Бұдан соң зейнеткерлік реформаның мәселесі белсенді талқылауға түсті, бұның өзі негізінде өмір сүру мен еңбек жағдайы есепке алып, саралап жіктеп барып өткізуге ұсыныс жасалды.Кездесу Облыстық Достық үйінің және ауылдық көркемөнерпаздардың концертімен аяқталды. Концертте дәстүрлі украин әндер шырқалып, өлеңдер оқылды.Концерттен соң ауыл тұрғындары көпке дейін таралмады, олар республикадағы украин этномәдени бірлестіктерінің әрі қарайғы жұмысы жайында, көбіне кезекті украин фестиваліне қатысу жағдайын талқылады.
Облыстық Достық үйі

