Гитара сабақтары

22-02-2018

Гитара сабақтары

Егер осы күнге дейін сіз гитарада ойнауды үйренбеген болсаңыз, оған мұңаюдың керегі жоқ. Достық үйінде «Русана» этномәдени бірлестігі гитарада ойнауды үйрету жұмысын жалғастыруда. Бәрімізге белгілі қарапайым аспап арқылы музыкалық эксперимент жасап, шығармашылық идеямызды жүзеге асырамыз. Көбіне гитара қарапайым, ешкімді таң қалдырмайтын аспап болып көрінуі мүмкін. Кейбіреуге гитарада ойнау өте қызықсыз болуы мүмкін. Біз гитараның өте керемет аспап екеніне көз жеткізуге асығамыз. Шынына келгенде гитара өте терең ұғымды және көп стильді аспап.