Өскемен қаласының тұрғындары «Купала Солнцеворот» мерекесін атап өтті

22-09-2019

Өскемен қаласының тұрғындары «Купала Солнцеворот» мерекесін атап өтті

22 маусым күні Достық үйі - Қоғамдық келісім орталығының казактар қауымдастығы Комсомол аралында «Купала Солнцеворот» атты облыстық мәдени-тарихи фестивалін өткізді. Іс-шараның негізгі мақсаты:

- Ұлттық мерекенің салт-дәстүрлерімен танысу;

- Халық мәдениетінің дәстүрлерін сақтау;

- Жастарда халықтық фольклорға деген қызығушылықты дамыту;

- Ұлттық мерекелер арқылы отбасы дәстүрлері мен құндылықтарын насихаттау.

Іс-шараның ұйымдастырушылары дәстүрлі ойындармен, әндермен, билермен, хороводтармен көрермендерді қуантты.

Өскемен қаласының этномәдени бірлестіктері мен «Каскад» ҚБ, «Злато», «Светлый путь»,«Берегиня» и трайбл-группа Amaterasu сияқты шығармашылық ұжымдарының қатысуымен мерекелік концерт өтті. Фестиваль қонағы Новосібір қаласынан келген Дмитрий Татаринцев өнер көрсетіп, көрермендердің жүрегінен орын алды.

Көптеген мастер-класстар, рухани тәжірибелер мен ойындар өтті. Хороводтар мен халық музыкалық аспаптарында ойнаған мереке терең кешке дейін созылып,көңілді секіруге болатын алау жағылды. Егер алау арқылы , секіру кезінде ғашықтардың жұбы қолды үзбей секіріп кетсе, оларды үлкен бірлескен бақыт күтіп тұр деген сенім бар.