10-12-2020
Сіздердің көптеген сұрауларыңыз және өтініштеріңіз бойынша, облыс әкімінің «Мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға қосқан үлесі үшін» сыйлығына құжаттарды қабылдау мерзімі 2020 жылғы 11 желтоқсан, сағат 17.00-ге дейін ұзартылды.
Қатысушылар туралы материалдар Өскемен қаласы, Потанин көшесі, 27/1, мекенжайында орналасқан Шығыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ кеңсесінде немесе электронды нұсқалары (powerpoint, pdf, бейнеролик) vko.m@mail.ru поштасы арқылы қабылданады.