01-06-2021
Құрметті шығысқазақстандықтар! Қымбатты балалар!
Бала - шынайылық пен әділетіліктің, бар жақсылық атаулыға сенімнің бейнесі. Олар адамзаттың болашағы, сондықтан да үлкендер олардың бейбітшілік пен молшылықта тәрбиеленуі мен өсуі үшін не қажеттінің бәрін жасауы қажет.
Сіздерді 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Бақытты, мықты, шымыр болып өсіңіздер және тәуелсіз еліміздің мақтанышы болыңыздар! Сіздер үшін бейбіт елдің көк аспаны әрдайым ашық болсын, ата-бабаларымыз бастан кешкен қиыншылықтарды көрмей өсіңіздер! Біздің қоғамның лайықты мүшесі болыңыздар!