02-12-2017
Ағымдағы жылдың 1 – желтоқсаны күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай Шығыс Қазақстан облыстық Достық үйі- қоғамдық келісім орталығының ұйтқы болуымен Алтай мемлекеттік университетіндегі «Н.Назарбаев және Қазақстан жолы» құрмет кафедрасында ауқымды шара ұйымдастырылды. Жалпы шара екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезекте Қазақстан Республкасы Президентінің Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру бағдарламалық мақаласының таныстыру мақсатында дөңгелек үстел отырысы, екінші кезеңінде Алтай мемлекеттік университетінің студенттері арасында «Алтай өлкесінің жоғарғы оқу орындарында оқитын Қазақстан Республикасының азаматтарына арналған - Қазақстан тарихы бойынша аймақтық олимпиадасысын өткізу. Шараға Қазақстан Республкасы Президенті мұрағатының диекторы Б.А Жапаров, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті тарих ғылымдарының докторы, «Алтайтану» ғылыми – зерттеу орталығының директоры, ШҚО ҚХА Ғылыми – сараптамалық тобының жетекшісі А. Н. Алексеенко, Достық үйі- қоғамдық келісім орталығының медиаторы А.С. Қыдырханова, Өскемен қалалық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Аухадиев С. А. Алтай мемлекеттік университетінің ұстаздары мен студенттері қатысты. Қазақстан Республкасы Президенті мұрағатының диекторы Б.А Жапаров 1 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесімен құттықтап, ауқымды шараны ұйымдастырушыларға алғысын білдірді. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында ұйымдастырылған шара барысында студенттердің арасында Алтай өлкесінің жоғарғы оқу орындарында оқитын Қазақстан Республикасының азаматтарына арналған - Қазақстан тарихы бойынша аймақтық олимпиадасын өткізіп, жеңінпаздарға Достық үйі- қоғамдық келісім орталығының атынан барған делегат мүшелері бағалы сыйлықтар мен сертификаттар табыстаса, Алтай мемлекеттік университетіндегі «Н.Назарбаев және Қазақстан жолы» құрмет кафедрасының қызыметкерлеріне нотбук компьютерін сыйға тартты. Шараға қатысушылар «Қазақ елінің көшбасшысы – Нұрсұлтан Назарбаев» - атты кітап көрмесін тамашалады.