Елін сүйген, елі сүйген Елбасы

01-12-2021

Елін сүйген, елі сүйген Елбасы

Бүгін республика жұртшылығы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін атап өтуде. 1 желтоқсан - тәуелсіз еліміздің тарихында есімі “алтын әріптермен” жазылатын қайраткер тұлға, елін сүйген, елі сүйген Елбасымыз, Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлін құрметтейтін айтулы күн. 

Атаулы мерекеге орай бүгін Достық үйінде қала тұрғындарына мерекелік концерт ұйымдастырылды.

Мерекелік шара «Достық үйі-қоғамдық келісім орталығының» басшысы Алмаз Болатұлы Нұрғалиевтің құттықтау сөзімен басталды. 

«Барлықтарыңызды мерейлі мереке - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтай отырып, Елбасымыздың мемлекетіміздің қалыптасуы мен дамуына қосқан тарихи еңбегіне құрмет көрсетеміз. 

Баршаңызға мерекелік көңіл-күй, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілеймін. Тәуелсіз Қазақстан жасасын! Еліміз аман болсын!» деп өз тілегін білдірді.

Сахна төрінде халықаралық және республикалық конкурстардың жеңімпаздары мен «Достық үйі» этно мәдени бірлестіктерінің мүшелері өнер көрсетті. Шығармашылық ұжымдар Елбасының сүйіп тыңдайтын әндері мен ұлттық билерді нақышына келтіре орындап, көрермендердің ықыласына бөленді.