15-02-2018
2018 жылдың 14 ақпанында Достық үйі – қоғамдық келісім орталығында ғашықтар күніне орай латын-американдықтардың билері мен қатар Балдық вальс мектептерінің қатысуымен ерекше үлгідегі Достық балы өтті.
Достық үйі қоғамдық келісім орталығының «DUET» спорттық-бал билері ансамблі өздерінің тамаша билерімен кештің көркін қыздыра түсті.
Шынайы музыка мен классикалық биді бағалайтын жандардың басын қосқан мереке салтанатты Вена биімен ашылды. Би патшасы - вальстің әуезді ырғағымен айнала билеген аққудай сұлу да көрікті қыздар мен сұңғақ бойлы, сымбатты жігіттер баршаға мерекелік көңіл-күй сыйлап, тамаша әсерге бөледі. Кеш соңы барлық қатысушылардың би кешіне ұласты.