29-08-2024
Достық үйі – қоғамдық келісім орталығында жыл сайынғы «Мектепке жол!» акциясы өтті.
Татар этномәдени бірлестігінің мүшесі Оксана Қалиакперова аз қамтылған отбасы балаларына қажетті оқу құралдарын сыйға тартты.
Жыл сайын өткізілетін бұл маңызды бастама акция қатысушыларына қуаныш сыйлап, қолдау көрсетуде. Достық үйі балаларды жаңа оқу жылына дайындауға көмектесе отырып, осы игі дәстүрді одан әрі дамыта бермек.