28-04-2023
1 мамыр бірлік күні қарсаңында бүкіл Қазақстан бойынша «Бірлік жүгірісі» өтті. Аталған іс-шара Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен ұйымдастырылды. Жарыс еліміздің 15 өңірін қамтыды, Шығыс Қазақстан облысы да бұл шарадан қалыс қалмады. Мереке алдындағы марафонға ШҚО ҚХА шығармашылық ұжымдары мен этномәдени бірлестіктерінің өкілдері, облыстық Достық үйінің қызметкерлері, студенттер, қала тұрғындары және барлық тілек білдірушілер қатысты. Бастау нүктесі ретінде Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық мұражай-қорығының аумағында орналасқан этнопарк таңдалды.
«Біз бүгін мұндай орынды кездейсоқ таңдаған жоқпыз, өйткені ол біздің аймақтың этникалық алуан түрлілігін керемет түрде көрсетеді. Мұнда кем дегенде бір рет келгендердің бәрі менімен келіседі деп ойлаймын», – деп өз ойын білдірді ШҚО Достық үйінің баспасөз қызметінің басшысы Айзада Юнусова.
Қатысушылар өздерінің спорттық шеберліктерін көрсетті, әрине, достық жеңіске жетті. Барлығына осы оқиғаны еске алу үшін медальдармен марапатталды.
«Көктемнің жылы күнінде біз осындай керемет жерге жиналғанымызға қуаныштымын. Қазақстандықтарды спорт біріктіреді», - деп атап өтті ШҚО ҚХА корей этномәдени бірлестігінің өкілі Пшимбаева Павлина Михайловна.