22-10-2022
Достық үйі – қоғамдық келісім орталығы және Республика күні мерейтойы қарсаңында Қазақстан Республикасы Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Шойкин Ғалым Нұрмағамбетұлы, Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді.
Іс сапар барысында төраға қоғам қайраткерлерімен, этно-мәдени бірлестіктердің өкілдерімен, Қазақстан халқы Ассамблеясы және облыстық «Жастар ассамблеясы» жастар қозғалысының мүшелерімен кездесті.
Жиналғандармен әңгімелесе отырып, ол ҚХА қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Оған дәлел, қазіргі кезеңде Шығыс Қазақстан облысында 72 этномәдени бірлестік, әр қала мен ауылдық округте аналар және қоғамдық келісім кеңестері, медиация орталықтары, журналистер клубтары, меценаттар және еріктілердің жұмыс жасауы.
Сонымен қатар, Ғалым Нұрмағамбетұлы қазіргі таңда жалған, жалған ақпарат тарату жиі орын алатынына, бұл этностар арасындағы келеңсіз қарым-қатынастың кері қалыптасуына ықпал ететініне, сондықтан оны дамыту баршамыз үшін өте маңызды екеніне назар аударды.
«Біздің елімізде барлық этностар тең құқылы. Біз бір халықпыз!» – деп түйіндеді жиынды Ғалым Шойкин.