Жаңа жылда - жаңа жетістіктер!

04-02-2021

Жаңа жылда - жаңа жетістіктер!

Достық үйінде Қоғамдық келісім кеңесінің кезекті бір отырысы өтті. Іс-шараның мақсаты 2020 жылы атқарылған жұмыстарды қортындылап, жаңа 2021 жылға жоспар, міндеттер қою болды.

Сонымен қатар, жиналыс барысында алдағы жұмыстарға қатысты бірқатар мәселелер көтерілді. Бұл жағдайда маңызды аспектілердің бірі - кеңес мүшелерін ауыстыру, басқаша айтқанда, қоғамдық институт шеңберіндегі кадрлық өзгерістер енгізу. Мұндай шаралар жұмыс процесінің тиімділігін едәуір арттырады.

Кездесу ШҚО ҚХАХ және ШҚО ішкі саясат басқармасының ұлтаралық қатынастар мониторингі бөлімі басшысының м.а. Татьяна Ивановна Черненконың алғы сөзімен басталды. Содан кейін 2020 жылдың қорытындысы туралы Достық үйі басшысының м.а. Жанар Алканова Қоғамдық келісім кеңесінің осы кезеңдегі қызметі туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Ал өз кезегінде Геннадий Пуссеп кеңестің 2021 жылға арналған жұмыс жоспарлары туралы айтып, алдағы болар өзгерістерге де назар аударды. ШҚО Қоғамдық кеңесінің Төрағасы - Владимир Головатюк өз сөзінде қоғам кеңесінің қызметі туралы жалпы ақпарат берді.
Қорытынды тақырып Елбасымыз Қ.К.Тоқаевтың «Саяси қуғын-сүргіндерді ақтау туралы» жарлығы болды, осы мәселе бойынша ШҚО ҚХА Қоғамдық келісім кеңесі төрағасының орынбасары Алдияр Ақылбекұлы Әубәкіров баяндама жасады.

«Менің ойымша, бұл біз ұмытпайтын маңызды тақырыптардың бірі. Саяси қуғын-сүргіндерді оңалту мәселесі мемлекеттік деңгейде де көтерілгені жақсы», - деп атап өтті сөз сөйлеуші.

Соңында кездесудің қорытындысы шығарылып, ұсынысатар айтылды.