Алғыс айту күнінің қарсаңында

20-02-2023

Алғыс айту күнінің қарсаңында

«Достық үйі – қоғамдық келісім орталығының» ұйымдастыруымен Нұрлыкөш ауылында этномәдени бірлестіктердің қатысуымен мерекелік концерт өтті.

Концерт барысында түрлі халық билеріне,  ұлттық әсем әндердің әсеріне бөленіп, ауыл тұрғындарына және мектеп оқушыларына керемет көңіл күй сыйлады.

«Бүгінгі өткізілген іс-шара маған қатты ұнады. Керемет атмосфера сыйлап, тұрғындардың көңіл күйін көтере алдыңыздар. Ұйымдастырушыларға алғысым шексіз!», - деп өзінің әсерімен бөлісті шара қонағы.