Қазақстан Республикасы Алғыс айту күнін атап өтеді

01-03-2023

Қазақстан Республикасы Алғыс айту күнін атап өтеді

1 наурызда Қазақстан Республикасы Алғыс айту күнін атап өтеді.  Еліміздегі этностардың бір-біріне нұр, жылу сыйлайтын алғыс айту мерекесі.  Мерекеге орай Достық үйі – қоғамдық келісім орталығының шығармашылық ұжымдары мен этномәдени бірлестіктері концерттік бағдарлама әзірлеп, мағынаға толы мерекелік атмосфера сыйлады. 

Концерт барысында жүргізушілер Достық үйінің жүріп өткен жолы, оның құрылуының бастауында тұрған тұлғалар, сондай-ақ ұлттық құндылықтарды дәріптеп, жан-жақты дамуына зор үлес қосып жүрген тұлғалар туралы баяндады.

Шара аясында «Алғыс» төс белгілерімен, «Достық үйіне 30 жыл» медальдарымен, Қазақстан халқы Ассамблеясының, Қоғамдық даму басқармасының және Достық үйінің Алғыс хаттарымен ШҚО ҚХА белсенділері, этномәдени бірлестіктер мүшелері, еріктілер мен белсенділер марапатталынды.

Сондай-ақ, қонақтарға этнографиялық мұражай мен этномәдени бірлестіктердің өкілдері әзірлеген этностардың мәдениетін, олардың тарихы мен рухани мұрасын тереңірек түсінуге көмектескен тақырыптық көрмелер ұсынылды.  Сонымен қатар, жиналғандарға еліміздің және өңірдің этникалық құрамы туралы қызықты деректер айтылды.

«Концерт әдеттегідей керемет өтті!  Эмоциялар мен жақсы көңіл-күй үшін рахмет!  Баршаңызды Алғыс айту күнімен құттықтаймын!», - деп өз әсерімен бөлісті мереке қонағы.