23-05-2022
Қаламызда «Ататүрікті еске алу» мерекесі аталынып өтті. Халықаралық деңгейде тойланған мерекеге «Достық үйі – қоғамдық келсім орталығынан» Корей этно-мәдени бірлестігінің мүшелері қонақ болып қайтты.
Шара ұлт – азаттық күрестің көшбасшысы Мұстафа Кемал Ататүрік пен қаруластарын бір минуттық үнсіздікпен еске алу рәсімімен басталып, кезекпен қос елдің ұлттық әнұрандары орындалды. Түркияның Қазақстандағы білім беру кеңесшісі Абдулмутталиб Четин мерекеге байланысты баяндама жасап, барша қауымды мерекемен құттықтады.
Аталған шараға Қазақстандағы «TRT» телеарнасының директоры Мехмет Захид Чалышкан, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің ректоры Мұхтар Әділбекұлы Төлеген және басқа да беделді тұлғалар қатысты.
Қаламыздың талантты өнерпаздарынан құарлған би тобы түрік халықының ұлттық билерін билеп, жиналған қауымды Түрік елінің құндылықтарымен таныстырды. Сонымен қатар шараға қатысушы өнерпаздар түрікше және қазақша шығармалар орындап, кештің көркін қыздырды.
Шара «TRT» арнасыны арқылы Түрік телеарналарынан көрсетіліп, екі елдің бір-біріне деген достық, ынтымақтастық қарым-қатынасын нығайтты.
«Бүгінгі іс-шара жоғарғы деңгейде өтті. Ұйымдастырушыларға және өнерпаздарға айтар алғысым шексіз. Қазақ-түрік ағайындас елдердің бірлігі берік, тірлігі тиянақты болсын», - деп өз ойымен бөлісті Қазақстан-Американдық еркін университетінің магистранты Аян Дәурен.