18-10-2024
Өскемен қаласында С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қазақстан халқы Ассамблеясы Журналистер клубының көшпелі отырысы өтті. Бұл іс-шара бұқаралық ақпарат құралдарының күш-жігерін толеранттылықты нығайтуға, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті сақтауға бағыттаған.
Отырысқа Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, ҚХА-ның «Мемлекеттік тіл – этносаралық қатынас тілі» жобасының жетекшісі Геннадий Шиповских, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин, MediaNet Халықаралық журналистика орталығының тренерлері, ҚХА Журналистер клубының мүшелері және журналистика мамандығының студенттері қатысты.
ҚХА Журналистер клубы отырысының қатысушыларына құттықтау сөзін ҚХА Секретариатының инспекторы Күлжан Мұхтар Төлегенұлы, Қазақстандағы Конрад Аденауэр Қорының өкілдігі жобасының үйлестірушісі Әділжан Ахметов және Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының жетекшісі Валентина Миронова жолдады.
Өз сөзінде ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин деструктивті ақпаратқа қарсы қоғамдық иммунитетті қалыптастыру қажеттілігін атап өтті.
«Қоғамдық келісім» РММ директорының орынбасары Әсел Артақшинова ҚХА қызметін ақпараттық қамтамасыз етудің басым бағыттары туралы мәлімдеді.
Отырыс аясында блогер және жүргізуші Ануар Ахметкалиев аудиториямен интерактивтілік арқылы қарым-қатынас орнату туралы айтып берді.
Әлеуметтанушы, PaperLab ғылыми орталығының директоры Серік Бейсембаев ақпараттық кеңістіктегі этносаралық қақтығыстардың алдын алудың 10 ережесі және «өшпенділік тілін» анықтау әдістемесімен бөлісті. Factcheck.kz бас редакторы Думан Смақов этносаралық тақырыпты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау тәсілдері және этносаралық қақтығыстар кезінде визуалды ақпараттың шынайылығын тексеру бойынша ұсыныстарын айтты. ҚХА-ның «Мемлекеттік тіл – этносаралық қатынас тілі» жобасының жетекшісі Геннадий Шиповских мемлекеттік тілді этносаралық қарым-қатынас тілі ретінде дамытудың маңыздылығын ашып көрсетті.
Оқыту қорытындысы бойынша отырысқа белсенді қатысушыларға сертификаттар табысталды.