Вардавар 2018

23-07-2018

Вардавар 2018

2018 жылғы шілде айының 22 жұлдызында в «Горно Ульбинка» мекенінде орналасқан «Жiгер» жазғы сауықтыру лагерінде Достық үйі – қоғамдық келісім орталығының Армян этномәдени бірлестігі  «Вардавар» дәстүрлі мерекесін атап өтті.

Бұл жаңбыр немесе су мерекесі ретінде тойланатын армян халқының ұлттық мейрамдарының бірі. Еліміздегі барлық облыстарда жыл сайын «Вардавар» аталып келеді. Осылайша армян ұлты Қазақстанда өз салт-дәстүрлерін сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа жалғастыруда.

Аталмыш шара – халықтар достығын нығайтып, ынтымақ пен бірлікті, достықты паш етіп, отанға деген патриоттық сезімді күшейте түскені анық. Өзге ұлттардың дәстүріне  құрметпен қарап, бауырмалдықпен қатар өмір сүруді көрсеткен ізгі мереке болды.