Вайнахтың күзгі концерті

26-10-2015

Вайнахтың күзгі концерті

 25 қазан күні Достық үйі – қоғамдық келісім орталығында «Вайнах» Шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы аясында мерекелік концерттік бағдарламасы өткізілді. Бұл іс-шараға Достық үйі – қоғамдық келісім орталығының этномәдени бірлестіктердің басшылары мен белсенділері шақырылды. Көрермендерге «Вайнах» ансамблінің дайындаған жарқын да әрі қызықты бағдарламасының ішіндегі ерекше әсер қалтырған, кіші жас буын бишілерінің «Жігіттер» - атты биі, көрермендердің ризашылығына ие болды. Сонымен қатар концертке қонақ болып келген шығармашылық топтар: «Улыбка» хореографиялық ансамбілі «Кавказ» биімен, «Сияние востока» вокалдық тобы « Родина Чечня» атты өлеңімен өз өнерлерін көрсетті. Салтанатты шара барысында , барлық қатысушылар алғыс хаттар және сыйлықтармен марапатталып, ал көрермендерге ұлттық тағамдар таратылды. Іс шара соңында ансамбілдің жоғарғы топ бишілері әсерлі лезгинка биін орындаумен қатар көрермендердің де өз өнерлерін көрсетулеріне мүмкіншіліктерін берді.