30-03-2018
Аудандық Достық үйінде «Асыл әжелер» фольклорлық тобының басшысы, Бесқарағай ауылдық округінің Әйелдер кеңесінің төрағасы Г.А.Басшибекованы еске алу кеші өтті.
Г.А.Басшибекованың бастамасы бойынша, 2009 жылы 27 қазанда «Асыл әжелер» фольклорлық тобы құрылып, әлі күнге дейін олардың шығармашылықтары тек қана ауданның көрермендерін қуантып қоймай, одан да тыс жерлерге шығуда.
Еске алу кешіне біреуі көп, біреуі аз мезгілде Г.А.Басшибековамен араласқан көршілері, бірге жұмыс істеген әріптестері, достары және туыстары қатысты.
Осы кеште рухани сезімде оның орындаған әндері тыңдалып, бейне слайдтары мен бейнеклиптері көрсетілді.
Әсіресе бұл жаны жарқын адамның жады үшін, Астанадан келген жары мен туыстарымен әңгімелесу маңызды болды.
«Бесқарағай ауданының Достық үйі»
КММ-нің директоры М.Абылгазинова