Венециандық маскарад -ұмытылмас эмоциялардың тоғысы

07-09-2022

Венециандық маскарад -ұмытылмас эмоциялардың тоғысы

Венециандық маскарад - бұл жарқын оқиғалардың, шексіз көңілді және ұмытылмас эмоциялардың тоғысы.

"Достық үйі-қоғамдық келісім орталығынында" Достық үйінің қызметкерлері және "Арабеск" би ансамлінің ұйымдастыруымен Венециандық маскарад өткізілді.

Маскарад барысында "Арабеск" ансамблі ерекше билер билеп, өнерлерімен көрермендерді тәнті етті. Бишілердің үстіндегі Венециялық үлгідегі сәнді костюмдер шараның көркін аша түсті.

Достық үйінің қызметкерлері өз қолдарымен тіккен костюмдерді киіп, көше бойымен жүріп өтіп, кездескен адамдарға керемет көңіл күй сыйлады.

Жаңа жыл мерекесіне орай барлық қала тұрғындарының қатысуымен «Достық үйі - қоғамдық келісім орталығында» ауқымды маскарад өткізілмекші.

Ал сіз келесіз бе?