14-08-2014
VIII Халықаралық орыс өнері фестивалі
Ағымдағы жылдың 24-26 қыркүйек күндері аралығында Семей қаласында бұл күнде дәстүрге айналған «Прииртышские напевы» VIII Халықаралық орыс өнері фестивалі болып өтті. 24 қыркүйекте аталған фестивалдің ашылу салтанаты болып өтсе, ал 25-26 күндері мына номинациалар бойынша шығармашылық ұжымдар өнер көрсетті:
1. Орыс халық аспаптары;
2. Орыс хореографиясы;
3. Вокальды-хор жанры;
4. Жас орындаушылар номинациясы.
Фестивальға Ресей жерінен атап айтқанда, Кемеров қаласының Мемлекеттік мәдениет және өнер университетінен, Бийск, Рубцовск, Барнаул қалаларынан және Алтай өлкесінен кәсіби деңгейдегі өнер ұжымдары қатысты. Олар көрермендерді әдемі әшекейленген, ұлттық айшыққа толы костюмдерімен, жоғарғы деңгейдегі өнерлерімен тамсандырып тастады. Осымен сегізінші рет өткізіліп отырған фестивальге Шығыс Қазақстан облысынан басқа Алматы, Қызылорда, Қапшағай қалаларынан шығармашылық көркем-өнерпаздар ұжымдары қатысты.
Жоғарыда аталған номинациялар бойынша жас орындаушылар арасында Өскемен қаласының жас өнерпаздары жақсы өнер көрсетті деуге болады. Олардың ішінде «Лауреат» атанған Руфина Кәрібаева, Маргарита Котович және «Орыс романстары бөлімі» бойынша өнер көрсеткен ағайынды Абдуллиндар атындағы колледждің студенті Виктор Вейвер бар. Ал, «Звонкие голоса» ұжымының өнерпаздары Диана Абенова, Бекжан Маукенов, Жұлдыз Құмарғалиева «Лауреат» атағымен қоса медальдармен марапатталды. Гала-концертте Ирина Хардина және орыс ұлттық домбра музыкалық аспабында шебер ойнаған Сырым Қарақпаев өнер көрсетті. Фестивальге келген қонақтармен, көрермендер осы іс-шараны ұйымдастырған Семей қаласының әкімдігіне және орыс этномәдени бірлестігіне алғыстарын білдірді.