Елордаға виртуалды тур!

03-07-2021

Елордаға виртуалды тур!

Қазақстан Республикасының Астанасы күні қарсаңында Достық үйі - қоғамдық келісім орталығында «Ғажайып мекен» атты фотокөрме ұсынылды, ондағы суреттер қаланың басынан өткізген ұзақ әрі қиын жолын бейнелейді, Нұр-Сұлтан қаласының қалыптасуын, оның мемлекет егемендік алған кезеңнен бастап қазіргі уақытқа дейін өзгеруін көрсетеді.

Іс-шара Оралхан Бөкей атындағы кітапханамен бірлесіп ұйымдастырылды. Оған этномәдени бірлестіктердің мүшелері, шығармашылық ұжымдардың өкілдері, Қазақстан халқы Ассамблеясының белсенділері және Достық үйінің қызметкерлері қатысты.

«Біздің іс-шараның ерекшелігі - заманауи технологиялардың, атап айтқанда VR-дулығаның көмегімен қонақтарға Нұр-Сұлтан қаласы бойынша виртуалды серуен ұсыну», - дейді ұйымдастырушылар.

Күткен үміт ақталып, шынымен де виртуалды шындық гаджетінде алғаш рет елорданың VR-туры көрсетілді. Нұр-Сұлтан қаласының әдемі келбеті көрермен алдында өзінің бар даңқымен және әр түрлі архитектуралық айбынымен пайда болды.

Виртуалды шындық дулығасы қонақтарды елорда көшелері бойымен саяхатқа бірден шомылдырды. Ақорданың, Бәйтеректің, Хан Шатырдың, Бейбітшілік және Келісім сарайының, өзінің ерекше сфералық «Нұр Әлем» атты ғимараты бар EXPO-кешенінің ыстық ықыласы ұзақ уақыт есте қалады.

«Елордамыздың көптеген көрікті жерлерінің ішінен маған еліміздің тәуелсіздігінің белгісі - Қазақстанның ежелгі тарихы, мәдениеті, жетістіктері мен болашағын бейнелейтін қасиетті Самұрық құсы бейнеленген “Қазақ елі” монументі ерекше әсер қалдырды», - дейді неміс бірлестігінің белсендісі Роот Лидия.

Сонымен қатар, көрмеде Нұр-Сұлтанның құрылысы туралы, қалада болған әлемдік ауқымды оқиғалар, сәулет туындылары мен елорданың өмірі туралы альбомдар мен кітаптар қойылды.