04-11-2021
Волонтерлік іс – бұл ешқашан өзектілігін жоғалтпайтын қызмет, өйткені біздің жолымызда әрдайым көмекке мұқтаж адамдар кездеседі. Өзгеге көмек қолын созатын бұл жандардың ісі ақысыз, волонтер болу, жасты, мезгілді, қандай да бір талапты қажет етпейді.
Достық үйі – қоғамдық келісім орталығында «Біз-Тәуелсіз Қазақстанның болашағымыз» атты жастардың онлайн семинар – кездесуі өтті, оған Шығыс Қазақстан облысының еріктілері, сондай-ақ «Жаңғыру жолы» ҚХА республикалық жастар қозғалысы төрағасының бірінші орынбасары Тимур Жұмырбаев қатысты.
Іс – шара Достық үйінің басшысы Нұрғалиев Алмаз Болатұлының құттықтау сөзімен басталды. «Бүгінде волонтерлік қарқын алуда, осыған байланысты жас буын өкілдерінің осы салада өсіп, дамуға мүмкіндігі бар. Қазақстан халқы Ассамблеясы тек достық үйлерінің ғана емес, еріктілер қозғалысының «бағыттаушысы» болып табылады. Біз ортақ жұмысқа және ең батыл жобаларды бірге жүзеге асыруға дайынбыз»,– деп атап өтті ол.
Кездесу барысында спикерлер баяндамалар жасады, онда волонтерлік, оның даму перспективалары және аудандарда бұл қызметтің тиімділігін қалай арттыру туралы айтылды. Пікірталастың лейтмотиві «қозғаушы күш – жастар» деген сөз болды. «Әлеуметтік ортаны дамытудағы жастардың рөлі», «Біз – Тәуелсіз Қазақстанның болашағымыз», «Қазіргі қоғамдағы жастар», «Этномәдени бірлестіктердің жастары үшін мүмкіндіктер мен перспективалар» тақырыптары аясында сөз қозғалды. Әңгіме жастардың волонтерліктегі жетістіктерін, сондай-ақ қоғамдық қызметке қатысты жаңа идеяларды «ашты».
«Шығыстағы еріктілер әрқашан белсенді, күш-жігерге толы. Өз ісінде олар әрқашан лидер болуға талпынып, және үлкен жауапкершілікпен жұмыс істейді. Әрбір кездесу бұл ортақ істегі «жаңа тыныс тәріздес»», – деп қорытындылады Тимур Жұмырбаев.
Семинар соңында алдағы болашаққа жоспар облыстың барлық еріктілері үшін офлайн форматта ауқымды форум өткізу болып табылатыны атап өтілді.