09-07-2024
«Ивана купала» - славян халқының дәстүрлі мерекесі. Ол елдегі тұтастық пен халықтар достығын айшықтайтын мейрам.
Шамамен XV ғасырдан бастау алатын аталмыш мейрам Шығыс және Батыс славяндарының мерекесі саналады. Бұл күнгі түн қасиеттерге толы, қуатты түн ретінде саналған.
Осыған орай, Сол жағалау кешенінде мерекелік шара ұйымдастырылды. Оған этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты. Бағдарламада дәстүрлі ойындар ұйымдастырылып, әннен шашу шашылды.
Қолөнершілердің көрмесі ұйымдастырылып, шебер жандардың туындылары көрермендерді тәнті етті. Мерекеге қатысушылар арасында гүл шоқтарын тоқып, табиғаттың тылсым құбылыстары, атап айтқанда от пен су жайлы жұмбақтарды шешті.
Іс-шараның соңында мерекенің символы Иван Купаламен бірге қатысушылар оттың маңында айналып, сол оттан секірді.