28-10-2021
2021 жылғы 28 қазанда облыстық Достық үйі - қоғамдық келісім орталығында ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен бірлесіп ZOOM платформасында этномәдени бірлестіктердің жастары үшін «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы түсіндіру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелеріндегі өзара іс-қимыл» тақырыбында семинар өткізілді.
Іс-шараға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәуекелдерді болдырмау мақсатында этномәдени бірлестіктердің мүшелері мен жастар қатысты.
Семинарда спикер, шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің белсендісі Владислав Артамонов сөз сөйледі. Ол іс-шаралар аяқталғаннан кейін әр түрлі көтермелеулерге назар аударудың қажеті жоқ екенін және бұның заңсыз болып табылатынын айтып, бірнеше мысалдар келтірді. Этномәдени бірлестіктер мен шығармашылық ұжымдар өтеусіз негізде жұмыс істейді, сондықтан кез келген сыйақы заңсыз болып табылады.
Соңында жастар мен этномәдени бірлестік мүшелері өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап ала алды. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жетілдіру бойынша өз идеялары мен ұсыныстарымен бөлісті.