05-05-2022
Нұр-сұлтан қаласында I жыл сайынғы «От биі» атты Кавказ билерінің республикалық байқауы өтті. Оған еліміздің түкпір-түкпірінен келген ұжымдар мен ансамбльдер қатысты. Байқау алаңы - Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайы - шығармашылық шабыт, шаттық, шынайылық және достық атмосферасымен «таланттар аумағына» айналды.
«Достық үйі - қоғамдық келісім орталығы» атынан «Вайнах» шешен-ингуш хореографиялық ансамблі қатысып, Гран-При мен бірінші орынға ие болды.
Байқауды ұйымдастырушылардың нақты жоспарлауының және сауатты жұмысының арқасында ұжымдар басшылары мен қатысушылар ұйымдастырушылық мәселелерді шешуге аз уақыт жұмсады, оны дайындық пен бәсекелестердің өнерін көруге, бай мәдени бағдарламаға қатысуға шоғырландырды.
«Дөңгелек үстелде» ұжым басшылары жұмыс тәжірибесімен алмасуға, сұрақтар қоюға және қазылар алқасы мүшелерінің ұсынымдарымен толық жауап алуға мүмкіндік алды.
Барлық қатысушылар «От биі 2022» хореографиялық байқауынан естелік медальдары мен дипломдарын алды.