21-02-2019
21 ақпан күні Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығында «Мектеп медиациясы қызметі» тақырыбында семинар өтті. Іс-шараға №1, 3, 16, 20, 33, 35 мектептерінің оқушылары және олардың ұстаздары қатысты.
Балаларға медиацияның артықшылықтары, оның мақсаттары, қолданылатын жағдайлары, негізгі принциптері мен міндеттері туралы айтылды. Медиацияның артықшылықтары әр түрлі бұрыштардан зерттелді - ата-аналарға қандай пайдасы бар, балаларға қандай артықшылығы бар. Дәрісті «Альтернатива» медиация орталығының кәсіби медиаторы - Танекенова Тулетай Замамбекқызы оқыды.