05-07-2022
30 маусым күні «Достық үйі - Қоғамдық келісім орталығында» Өскемен жоғары медициналық колледжінің студенттеріне дипломдар табыс етілді.
Студенттерді бітірулерімен колледж директоры Ахмадиев Адлет Амангельдинович, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Бегимжанова Динара Сансызбаевна және директордың өндірістік жұмыс жөніндегі орынбасары Иматова Рахия Адабиевна құттықтады.
Біз барлық түлектерді осы атаулы күн - диплом алған күнмен құттықтаймыз! Алда күтіп тұрған ұзақ жолға сәттілік пен бақыт тілейміз! Барлық армандарыңыз орындалсын, жұмыстарыңыз табысты болсын!