14-07-2021
Қаржы сізді басқаратындай сезімнен қажыдыңызба? Тізгінді қолға алып, көш бастайтын кез келді. Достық үйі - қоғамдық келісім орталығында "Кәсіпкерлерге арналған қаржы сауаттылығы" тренингі өтті, шараға корей этномәдени бірлестігінің өкілдері, қала тұрғындары, сондай-ақ Өскемендегі өз ісін дөңгелетем деуші кәсіпкерлер қатысты.
3 күн бойы спикерлер тыңдаушылармен табысқа жетуге көмектесетін әдістермен, өз санасының және айналасының өзгерту маңыздылығымен, ең бастысы, қаржыны дұрыс пайталану жайында сөз қозғап, өз тәжірбиелерімен бөлісті. Кірістер мен шығыстарды есепке алу және жүргізу тәсілдері, қайта қаржыландыру, жинақтау әдістері, сауатты кредиттеу мен қаржылық қауіпсіздік мәселелері спикерлер назарынан тыс қалмады.
"Мұндай тренингтер Қазақстан бойынша 2015 жылдан бері өткізіліп келеді, алайда іс-шара 2 тілде, яғни орыс және қазақ тілдерінде алғаш рет Өскеменде өткізіліп отыр", - дейді ұйымдастырушылар.
Айта кетер болсақ, республикадағы қаржылық сауаттылық деңгейі біртіндеп артуда. Артуға сүйеу болған "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының тәжірбиесі мол табысты кәсіпкерлермен семинарлар және бүгінгі тренинг іспеттес іс-шаралар.
"Болашаққа бағдар болар үлкен мотивация алып, көптеген қызықты ақпаратпен таныс болдым. Спикерлер әр адамның кез – келген бағытта алға жылжуына көмектесетін маңызды білімді тыңдаушы санасына жеткізе алды ", - деп қала тұрғыны Екатерина Шелухина өз әсерімен бөлісті.