28-04-2021

"Барлық сұрақтарды тек бір адамның қолымен шешу керек"

Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті XXIX сессиясы өтті. Онлайн-сессияға Шығыс Қазақстан облысы ҚХА мүшелері қатысты. Отырыстың тақырыбы "Бірлік, бейбітшілік пен келісімнің 30-жылдығы".

Биыл онлайн форматта Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері қатысқан сессия 500 - ден астам қатысушыны қамтыды. 

Сессияның басты қонағы- Елбасы, ҚХА Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде көпұлтты мемлекетімізде ұлтаралық, тіл және дін аралық қақтығыстарға тыйым салынатынын және мемлекеттік тілді үйрену маңыздылығын баса айтты.

Ұлтаралық жиында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының өкілеттігін Ел Президенті Қасым - Жомарт Тоқаевқа тапсырып, ал  өзі ҚХА-ның құрметті төрағасы болып қалды.

«2019 жылғы 19 Наурызда мен 30 жыл жұмыс істеп, Президент өкілеттігін тоқтаттым. Қазақстан халқы Ассамблеясы Президенттің оң  жанындағы тірегіндей тұруға тиіс. Екінші жағынан, мемлекет басшысы да Ассамблеяға сүйеніп, кез-келген сұрақтар бір қолдан шешілуі тиіс. Мен ҚХА- ны басқару құқығымды Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа беруді ұйғардым»,- деп Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атап өтті.