01-10-2024
Достық үйі - Қоғамдық келісім орталығында Өскемен қаласының «Jan Ana» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен ерекше кездесу, барша жиналғандарды терең толғандырды. Бұл шара «Asarume» қайырымдылық қорының мүшелерімен өткізілді, олар қоғамдағы көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созып, қолдау көрсетумен айналысады.
Кездесуге осы қордың қолдауымен баспаналы болған азаматтар қатысып, өздерінің ризашылықтарын білдірді. Олар шын жүректен алғыстарын айтып, қордың қызметіне деген шексіз құрметтерін жеткізді.
«Өміріміздің қиын кезеңінде «Asarume» қоры бізге жаңа үміт сыйлады, баспаналы болу арманымыздың орындалғанын көріп, жүрегіміз жылылыққа толды», - деді қатысушылардың бірі.
Бұл кездесуде жүрек жылуына, мейірімге толы әңгімелер айтылды. Әрбір сөзде алғыс пен ризашылық, көмекке мұқтаж жандарға қолдау көрсетудің қаншалықты маңызды екендігі сезілді. Шара соңында, «Jan Ana» қоғамдық бірлестігінің өкілдері мен «Asarume» қорының мүшелері алдағы уақытта да осындай ізгі істердің жалғасын табатынына сенім білдіріп, қоғамдағы мейірімділік пен қамқорлықты нығайту жолында бірлесе жұмыс істейтіндіктерін жеткізді.