Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің  депутаты Достық үйінде

13-07-2018

Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты Достық үйінде

2018 жылдың 13 шілдесі күні Достық үйі – қоғамдық келісім орталығында Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты Абдрахманов Сауытбек Абдрахманұлы этномәдени бірлестік өкілдерімен кездесті.

Шараға ШҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының және Достық үйінің этномәдени бірлестіктерінің төрағалары мен өкілдері қатысты.

Отырыс барысында «Бес әлеуметтік бастама – қоғамның әлеуметтік бірлігінің тұғыры» атты  Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVI сессиясында"Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар қызу талқыланды.

Шара барысында дөңгелек үстел қатысушылары Парламент Мәжілісінің депутаты А. С. Абдрахманұлына өздерін мазалаған сұрақтарын қойып, шешімін тауып жатты. Кездесу соңында Дстық үйінің жұмыс барысын таныстыру мақсатында экскурсия ұйымдастырылды.