«Қазақстанның 100 жаңа есімі» «Жастардың алтын бесігі» жобасының жеңімпаздарымен кездесу

26-06-2019

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» «Жастардың алтын бесігі» жобасының жеңімпаздарымен кездесу

2019 жылы 26 маусымда Шығыс Қазақстан облысы, Глубокое ауданы, Глубокое кенті Балалар шығармашылығы орталығында Шығыс Қазақстан облысының «Жаңғыру жолы» ҚХА РЖҚ мүшелерінің, ауылдық округ жастарының қатысуымен «Қазақстанның 100 жаңа есімі» «Жастардың алтын бесігі» жобасының жеңімпаздарымен кездесу өтті.

Осы іс-шарада сөз алған спикерлер: «Шалабай» ЖШС Бас директоры Сүлейменов Қуаныш Серікқазыұлы, «Усть – Таловка кентінің Балалар өнер мектебі» КМҚК директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Алифанов Валентин Игоревич, «Серпер» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері, аудармашы, PhD докторы, полиглот Қуаныш Жұмабеков, «Серпер» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері, «Серпер» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері Ержан Жұмабек ақын, «Серпер» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері, докторант, Алексей Лодочников – домбырашы-әнші Глубокое ауданының жастарымен өз тәжірибелерімен, жоспарларымен және келешектерімақсаттарымен бөлісті. Кездесу еркін форматта өтті және спикерлер аудиториямен әңгімелесу түрінде өткізді.

Осындай іс-шараларды өткізу жас ұрпақты жалпыұлттық бірлікті одан әрі нығайтуға және өз Отанына деген патриоттық сезімге тартуға бағытталған. Іс-шара соңында спикерлер Түркістан облысы Арыс қаласының тұрғындарына қолдау көрсетіп, Қазақстан азаматтары ретінде шет қалмауды және зардап шеккендерге көмек қолын созуды сұрады.