27-05-2021
Өскеменге Израиль мемлекетінің Қазақстан Республикасындағы Елшісі Лиат Вексельман сапармен келді. Ол сондай-ақ облыстық Достық үйі - қоғамдық келісім орталығында болды. Қонақтар үшін қызықты экскурсия өткізіліп, этномәдени бірлестіктердің жұмысы және түрлі этностардың бірегей мұрасы жайлы айтылды.
Сонымен қатар, Лиат Вексельман еврей орталығының мүшелерімен, еврей халқының әдет-ғұрыптарын сақтау мен насихаттау туралы сөйлесті.
«Біз өз ата-бабаларымызды ұмытпаймыз және әр мерекені атап өтеміз, сонымен қатар еврей этносының тарихы туралы халыққа айтып береміз. Біз жас буын өкілдерін әрдайым іс-шараларға тартуға тырысамыз. «Песах», «Рош-а-шана» және басқа да мерекелер жастардың шынайы қызығушылығын тудырады», - деп атап өтті «Сион» Шығыс Қазақстан еврей мәдени орталығының төрағасы Лебедев Владимир Викторович.
Экскурсия аяқталғаннан кейін Израиль елшісі еврей бірлестігінің мүшелерімен бірге синагогаға барды. Айта кетейік, өңірдегі алғашқы Синагога 2009 жылы Өскемен қаласында салынып, ашылған болатын. Ол бельгиялық сәулетшілердің жобасы бойынша жасалған.
«Достық үйінің қызметі маған қатты әсер етті және мені мәдениетке деген толерантты көзқарас қуантты. Әрбір этностың өз мұрасын сақтап қалу мүмкіндігі бар - бұл қоғам мен елдің дамуында шешуші рөл атқарады. Баршаңызға жылы қабылдағандарыңыз үшін тағы да алғысымды білдіргім келеді», - деп атап өтті Лиат Вексельман.