03-08-2022
Ақпараттық технологиялар қарқынды түрде дамып, әлеуметтік желілер кең таралған заманда оған деген қажеттілік арта түседі. Осы мақсатта «Достық үйі-қоғамдық келісім орталығында», «Шығыс ақпарат»медиахолдингінің СММ-мамандарымен және “Зубр” КО мамандарымен «Ақпараттық қауіпсіздік және ақпаратты әлеуметтік желілер арқылы тарату» бойынша семинар өткізілді.
Семинар барысында жиналған қонақтар өздерінің әлеуметтік желілер жайлы мазалаған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар ала алды. СММ мамандар инстаграм желісін қалай дұрыс жүргізу, стористерді әрлеу, пост немесе рилс салғанда қандай қателіктерге жол бермеу керектігі жайында атап өтті.
«Семинар өзінің еркін түрде өткендігімен есте қалды. Өзім қалаған сұрақтарды қоя алдым. Инстаграм желісі жайында білмейтін ақпараттармен таныстым. Шара ұйымдастырушыларына, СММ мамандарға алғысым шексіз», - деп өз ойымен бөлісті семинар қатысушысы.