19-08-2024
Достық үйі - қоғамдық келісім орталығында ШҚО ҚХА Аналар кеңесінің Өскемен қаласының көп балалы аналарымен кездесуі өтті.
Модератор болып ШҚО ҚХА СМ төрағасының орынбасары - Ақтанжанова Жұлдыз Сейітқұмаровна сөз сөйледі.
Кездесу барысында «Салауатты сана» жобасы бойынша деструктивті мінез-құлық үлгілеріне және қоғамның бес әлеуметтік жамандығына: нашақорлыққа, құмар ойындарға, отбасындағы және қоғамдағы зорлық-зомбылыққа, вандализмге, ысырапшылдыққа қарсы іс-қимыл және жою бойынша ақпараттық-түсіндіру әңгімелесу жұмыстары жүргізілді.
Іс-шарада Аналар кеңесінің облыстық құрамының мүшелері сөз сөйлеп, кездесу тақырыбына қатысты маңызды мәселелерді талқылады.
Кездесуге қатысушылар осы жобамен таныса отырып, өздерінің қызықтырған сұрақтарына жауап ала алды.
Айта кету керек, бұл «Мектеп жол» акциясын Білім күні қарсаңында жыл сайын ШҚО ҚХА Аналар кеңесі өткізеді. Акцияның демеушісі - ШҚО ҚХА Аналар кеңесінің төрағасы Бейсеканова Мария.
Іс-шара соңында қатысушыларға жаялық орамдары түріндегі сыйлықтар салтанатты түрде табысталып, естелік фотосуретке түсті.