Медиация туралы заңның 10-жылдығына арналған кездесу

01-02-2021

Медиация туралы заңның 10-жылдығына арналған кездесу

Достық үйі - қоғамдық келісім орталығындаи «Медиация туралы Заңға 10 жыл - қалыптасу және даму қорытындылары» атты Медиацияның 10-жылдығына арналған мемлекеттік органдардың, жоғары және орта оқу орындарының өкілдері, бітімгер сот төрешілері, кәсіби медиаторлар, сондай-ақ Ресей мен Беларусь елінің мамандарының қатысуымен онлайн дөңгелек үстел өтті.

«Іс-шараның негізгі мақсаты - бұл, ең алдымен, республикамызда медиативті сала пайда болған сәттен бастап дамыту тәжірибесін жинақтау, сондай-ақ жанжалдар мен дауларды реттеудің баламалы тәсілі ретінде медиацияның міндеттері мен перспективаларын айқындау», - деп түсіндіреді «Альтернатива» Шығыс Қазақстан медиация және құқық орталығы қоғамдық бірлестігінің басқарма Төрағасы Аксана Каленова.

Дөңгелек үстел ұйымдастырушылар мен қонақтардың құттықтау сөздерімен басталды. Бұдан әрі қатысушылар медиацияның қалыптасу кезеңдері және оны өмірдің түрлі салаларына енгізу туралы бірқатар мәселелерді егжей-тегжейлі түсіндірді. Кездесу әріптестер арасында тәжірибе алмасу бойынша диалог алаңына айналды.

«Біз мемлекеттегі медиацияның әлеуеті мен беделінің өсуіне ықпал етуге қуаныштымыз. Бұл үшін осы институттың Қазақстаннан тыс жерлерде де дамуының қыр-сырын білу өте маңызды деп санаймын. Осы тұста бүгін Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасының мамандары ортақ талқылауға қатысуға келісті», - деп атап өтті Достық үйі - қоғамдық келісім орталығы басшысының м.а. Жанар Алканова.

Қатысушылар бірқатар маңызды тақырыптарды талқылады. «Шаңырақ» медиация орталығының директоры - Абдрахманова Елизавета Әмірқызы өзі басқаратын мекеменің жұмыс тәжірибесі мен нәтижелері туралы айтып берді. «Ulan» медиация орталығының директоры - Танекенова Тулетай Замамбековна Шығыс Қазақстан облысының аудандарында медиацияны дамытудағы қоғамдық медиаторлардың рөлі мәселесін көтерді. «Альтернатива» Шығыс Қазақстан медиация және құқық орталығы қоғамдық бірлестігінің  басқарма төрағасы - Каленова Аксана Александровна өз сөзінде Қазақстан Республикасында медиацияның дамуының негізгі кезеңдері және Шығыс Қазақстанда медиацияның қалыптасуы туралы баяндайтын тарихи анықтаманы ұсынды. Ал Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы - Володкина Анжелика Владимировна Қазақстан Республикасында медиацияның қалыптасуы мен дамуындағы сот жүйесінің рөлі тақырыбын талқыға салды.

Іс-шара сұрақ-жауап форматындағы дискуссиямен және алғыс хат табыстаумен аяқталды.