04-09-2024
Глубокое ауданы Достық үйінде этномәдени бірлестік өкілдерімен кездесу өтті.
Кездесу барысында алдағы жұмыстар талқыланды. Спикерлер қатарында Достық үйі - қоғамдық келісім орталығы басшысының орынбасары Юнусов Равиль және Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының және этносаралық қатынастар мониторингі бөлімінің басшысы Курмашев Нуртай болды.
Сонымен қатар, ШҚО «Ассамблея жастары» ҚБ басшысының орынбасары Сәрсеков Берік SMM және мобилография салалары жөнінде түсіндірмелік жұмыстар жүргізді.