23-05-2022
Облыстық «Аманат» партиясында, «Достық үйі – қоғамдық келісім» орталығының этно-мәдени бірлестіктерінің қатысуымен алдағы референдумға байланысты кездесу өтті.
Облыстых мәслихат депутаттары, этно-мәдени бірлестік мүшелері алдағы референдумның өткізілу барысы, конституциямызға енетін өзгерістер жайында талқылады. Референдумға байланысты сұрақтар қойылып, партия депуттарынан нақты жауаптар алынды.
«Бірліктің бастауы болған дала демократиясын жаңғырту, билік пен халықты біріктіретін республикалық референдум-жаңа Қазақстан үшін аса маңызды шешім деп санаймын. Осы сайлаудың арқасында еліміздің егемендігі мен жеріміздің тұтастығы нығая түсетініне сенімдімін. Сондықтан барша қазақстандықтарға 5 маусымда өтетін референдумға қатысуға және дауыс беруге кеңес беремін. Еліміздің болашағы біздің қолымызда!», - деп өз ойымен бөлісті Аманат партиясының депутаты Равиль Александрович.